Өндіріп алушылар пайдасына 7 трлн теңге көлемінде атқарушылық іс жүргізілді – Мадалиев

22 Қаңтар 2021, 10:23
1520
Бөлісу:
Өндіріп алушылар пайдасына 7 трлн теңге көлемінде атқарушылық іс жүргізілді – Мадалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев 2020 жылдың атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс қорытындысы мен 2021 жылға арналған басым міндеттер туралы өткен алқа отырысында айтты. 

2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 млн астам атқарушылық құжаттар болды. Яғни, өндіріп алушылардың пайдасына 7 трлн теңге сомасынан артатын атқарушылық іс қозғалды. Атқарушылық іс кезінде құжаттардың орындалуы 69,9%-ды құрады. Осылайша министрліктің стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Вице-министр атағандай, өткен жылдың көктемі кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясына қатысты енгізілген төтенше режимге қарамастан, атқарушылық іс жүргізу бағыты бойынша жұмыс ақаусыз қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай кезінде сот орындаушыларға инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында атқарушылық іс жүргізу тараптарымен қатынасуды азайтып, үйден шығаруға, құрылыстарды бұзуға қатысты процессуалдық әрекеттерді кейінге қалдыруға тапсырма берілді, - деді ол. 

Вице-министрдің айтуынша, осындай шектеуге қарамастан әлеуметтік маңызды атқарушылық құжаттардың орындалуы басымдықта қала берді.

Олардың орындалуы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық іс-әрекеттерді қашықтық режимінде қамтамасыз етілді. Бірнеше жыл бойы жүргізілген дәйекті реформа және атқарушылық іс жүргізуді электрондық форматта жүзеге асыру өзін-өзі ақтады. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік маңызды атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын үздіксіз қабылдауға мүмкіндік берді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы