Министр «Омикрон» штамының елімізде таралу ықтималдылығы туралы айтты

7 Желтоқсан 2021, 15:38
1195
Бөлісу:
Министр «Омикрон» штамының елімізде таралу ықтималдылығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемді алаңдатып отырған бұл штамм әлі зерттеліп жатыр.

Сондай-ақ министр өткен аптада Женевада ДДСҰ бас директорымен кездесу барысын алға тартты.

Әзірге «Омикрон» штамына қатысты нақты деректер жоқ. Эпидмониторинг жүйесі жұмыс істеуде. Ай сайын шетелден келетін азаматтар мен COVID-19-ға талдаулары оң нәтижені көрсеткен материалдар зерттеліп жатыр. Сәйкесінше, бұл үлгілер әрі қарай штамның қай түрге жататынын анықтау үшін вирустарды секвенирлеу жүргізіледі. Халықаралық деректер базасына сәйкес вирустың қай түрі басым екендігі тексеріледі. Сондықтан жақын арада біз қорытындыларды алған соң соның негізінде бәрі белгілі болады. Вирус кез келген жағдайда таралатыны анық. Ол Қазақстанға келген күннің өзінде жағдай қалай болатындығын түсіну керек, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елімізде «Омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы