Елімізде «Омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе?
7 Желтоқсан 2021, 12:59 671

Елімізде «Омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көптің көкейіндегі бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді. Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, шешім алдағы эпиджағдайға қарай қабылданады.

Барлығы COVID-19-дың «Омикрон» штамы вирусының вируленттілігіне байланысты болып тұр. Вирус көп таралып, жағдай ушықса, ағымы ауыр болса, әрине қосымша шектеулер енгізу қажет болады. Дәл қазіргі уақытта күн тәртібінде шектеулер енгізу жоқ, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысыны айтуынша, ең бастысы вирустың қаншалықты жұқпалы екендігін зерттеп алу басты назарға алынған.

Мәселен, «дельта» штамм бүкіл әлемдегі коронавирус жұқтыру жағдайының 80-90%-ын иеленді. Тіпті, басқа штамдарды да ығыстырып шығарды. Қазіргі уақытта басқа штамдарды да бақылауда ұстаудамыз. Жаңа штамдарда да олай таралып жатқан жоқ, - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ ведомство басшысы бүкіл әлем болып «Омикронның» клиникалық пайда болуын, контагиоздылығы мен адамдарға төндірер қауіптілігін анықтап алу маңызды деп отыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...