Оқушылар «Мектеп OnLine» арқылы тегін сабақ оқи алады

19 Қазан 2021, 12:53
4378
Бөлісу:
Оқушылар «Мектеп OnLine» арқылы тегін сабақ оқи алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқушыларға арналған «МЕКТЕП OnLine» жобасының тегін бейне-сабақтары жалпы алғанда 10 миллионға жуық қаралым жинады. 5-11 сынып оқушыларына арналған математика, геометрия, физика, химия және биология пәндері бойынша сабақтар Youtube платформасында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес қаралымы мен тіркелушілер саны бойынша «MEKTEП OnLine MATEMATИKA» арнасы көш бастап тұр. Алайда өзге де негізгі пәндер бойынша сабақтар тек Қазақстанда емес жақын шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Жоба авторлары оқушылардың қолжетімді және қызықты білім алуларын қамтамасыз ету мақсатында барлық пән бойынша білікті мамандарды жұмылдыра отырып, «МЕКТЕП OnLine» жобасын шығарды.

Екі жыл бұрын өз жұмысын бастаған «МЕКТЕП OnLine» жобасы карантин кезінде онлайн оқу форматына ауысқан оқушыларға таптырмас көмекші құрал болды. Бар болғаны 10-14 минутқа созылатын бейне-сабақта мүғалімдер мектеп бағдарламасының жүйесіне сәйкес қиын тақырыптың өзін жеңіл әрі түсінікті жеткізеді. Осындай әдістің арқасында оқушылардың білімі шыңдалып отырғандығын әр бейне сабаққа жазылған пікірлерден аңғаруға болады.

Оқушылар бейне сабақтар астында мынадай пікірлер қалдырған:

«Рахмет сабақтарды жақсы түсіндіресіз», «Сіздерге көп рақмет. Сабақтар өте түсінікті, керемет әрі нақты. Сәттілік тілеймін!», «Рахмет апай мен түсіндім», «Сабақты өте жоғары деңгейде түсіндіреді, дауыс интонациясы өте жағымды», «Алғысым шексіз өте керемет түсіндіресіз», «Мен осы тарауды өтіп жатырмын дым түсінбеп едім, енді түсіндім. Үлкен рахмет», «Сіздің түсірген әр видеоңыз сондай түсінікті және керемет», «Рахмет! Сізді көрмей, бұл тақырыпты мүлдем түсінбейтінмін, сізді көріп, бірден қағып алдым», «Мен «НИШ-қа» дайындалып жүргенмін. Осындай есептерді осы видеодан көріп, түсініп алдым», - деп жазған оқушылар.

Оқушылар «Мектеп OnLine» арқылы тегін сабақ оқи алады

Бүгінгі таңда үш мыңнан астам бейне сабақ шығарылды. Бейне сабақтар санының үздіксіз артуы миллиондаған қаралым мен 200 000 оқырман жинады. «МЕКТЕП OnLine» жобасына жұмылдырылған мұғалімдер тәжірибелі әрі білікті мамандар: мектеп оқулықтары мен оқу әдістемелерінің авторлары, көптеген сайыстың жүлдегерлері және марапат иелері.

Алдағы уақытта басқа пәндер мен бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша сабақтар түсіру жоспарда бар.

Алматы облысы Талғар орта мектебінде білім беретін математика пәні мұғалімі Рафикова Эльмира Ринатқызының айтуынша, Youtube – балалармен байланысуда таптырмас құрал. Тіпті платформа арқылы оқушылар өз сұрақтарын қойып, алғыс айта алады.

«МЕКТЕП OnLine» жобасы – білімді жастар дайындауды мақсат еткен мүдделес топтың бастамасы. Мен бұл жобаға сендім. Әрине, қорқыныш болды. Бірақ бала - біздің болашағымыз. Сондықтан олардың жақсы білім алуы бірінші кезекте еліміз үшін маңызды, - деді ол.

Бұл жоба ұзақ уақыт бойы балаларға болашақ мамандық таңдау, елді көркейту жолында таптырмас білім көзі болмақ. Сол себепті өскелең ұрпақтың білімін арттыру біздің басты мақсатымыз.

Оқушылар тегін сабақтарды мына сілтемелер арқылы көре алады:

  • «МЕКТЕП OnLine МАТЕМАТИКА»

https://www.youtube.com/channel/UCIIzV1CL8Gdt9FLJGfceejw

  • «МЕКТЕП OnLine ХИМИЯ»

https://www.youtube.com/channel/UCpofPwzTw_pVxykigaguwPg

  • «МЕКТЕП OnLine БИОЛОГИЯ»

https://www.youtube.com/channel/UCiK0AUHBb5BYq0q0aolx3Lg

  • «МЕКТЕП OnLine ФИЗИКА»

https://www.youtube.com/channel/UCQkg3Grp7cAuHTXIjTxaaiQ/featured

Өзгелердің жаңалығы