Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

22 Ақпан 2019, 15:33
2802
Бөлісу:
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

Астана, BAQ.KZ. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасын көпшілік алдында талқылау аясында Денсаулық сақтау министрлігі, ДДСҰ, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқылауға ұсынды.

Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова Кодекс жобасының жаңа баптарына, атап айтқанда, қоғамдық денсаулық сақтаудың басым бағыттарына, мемлекеттік және қоғамдық институттардың сектораралық өзара іс-қимылына, Ұлттық үйлестіру кеңесінің рөліне, министрліктер мен ведомстволардың денсаулықты сақтауға, ҮЕҰ-ның халық денсаулығын сақтауға қатысуына қатысты функцияларына, өкілеттіктеріне және жауапкершілік аймақтарына тоқталды.

Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Бақылау кеңесінің мүшесі Талапқали Ізмұхамбетов: «Алматыда қарт адамдардың 13%-ды құрайды, біз зерттеу жүргізуге бастамашы болдық, бұл зерттеу 60 жастан 75 жасқа дейінгі адамдардың ешқандай ауыр дерті жоқ екенін көрсетті - олар белсенді, оларды белсенді өмір сүруге үйрету қажет және осының есебінен өмір сүру жылдары ұзармақ», - деді. Ол қаланың Алатау ауданында әкімдіктің кәсіпкерлерге 10 зейнеткердің бассейнге тегін барып, саумал ішуін қадағалап қолға алуы жөнінде өтініш білдіргенін мысалға келтірді – бір  жыл бойы олардың ешқайсысына жедел жәрдем келмеді және олардың ешқайсысы денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға жатпады». «Нақты қадамдар жасалуда, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», - деп атап өтті ол.

«Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев Денсаулық сақтау министрлігінің прогрессивті идеяларды ілгерілетудегі жұмысын атап өтті. Ол азаматтардың құқықтары жазылғанын, бірақ олардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру қажет екендігін, Кодексте жеке тарауды ауа мен судың ластануынан болатын аурулардың алдын алуға арнау керек екендігін, темекі шегушілердің құқықтарына салмақты қарау – темекі тартуды азайтуға күш жұмсау қажет екендігін баса айтты.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшы Гүлнар Кулкаева жұмыскерлердің денсаулығын сақтау жөнінде, ТМККК және МӘМС шеңберінде оларды профилактикалық қарап-тексеруден өткізу үшін жағдай жасау бойынша жұмыс берушілердің міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ мектеп медицинасы мен жастар денсаулық орталықтарының қызметіне, оқушылар мен жастардың денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар өткізуге және қызметтер көрсетуге қатысушылардың назарын аударды.

Кодекс жобасының жаңа редакциясын талқылау барысында үзіліс кезінде спикерлер мен барлық қатысушылардың 3 минуттық жаттығу жасағанын айта кету керек. Осылайша, олар ағымдағы жылғы 15 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысының қатысушылары жаттығу жасаған, Денсаулық минутына қолдау білдірді.

Өзгелердің жаңалығы