Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесі отырысына қатысты

1 Шілде 2021, 16:03
1560
Бөлісу:
Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесі отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентінің бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасы Ұйымның БҰҰ тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін кеңейтетініне сенімді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін бейнеконференция форматында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысы өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасы талқыланды.

Отырыста сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан жаһандық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және нығайтуға ниетті. Себебі қазіргі уақытта аймақтық қауіпсіздік тақырыбының өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті.

Мәжіліс спикері сондай-ақ, ҰҚШҰ ұйымының бітімгершілік әлеуетін дамытудың маңыздылығына да баса назар аударды. Осы ретте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасын жүзеге асыру Ұйымның БҰҰ тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін кеңейтетіндігін алға тарта келе Нұрлан Нығматулин осы саладағы өзекті сұрақтарды жаңа сапалық деңгейде шешуге, сонымен бірге, БҰҰ бітімгершілік әлеуетін арттыруға жол ашатынына сенім білдірді, - делінген ақпаратта.

Отырыста сондай-ақ Тәжікстанның 2021 жылы ҰҚШҰ төрағалығы, ҰҚШҰ аясында қол жеткізілген ҰҚШҰ әріптестік мәртебесіне, Қазақстанда, Арменияда, Қырғызстанда өткен сайлауларда ҰҚШҮ ПА атынан қатысқан халықаралық байқаушылар тобы жұмыстарының қорытындысына қатысты халықаралық келісімдер төңірегінде әңгіме өрбіді.

ҰҚШҰ ПА Кеңесі Ассамблея қызметін ұйымдастырады, оның құрамында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері парламенттерінің басшылары бар.

Өзгелердің жаңалығы