Бас жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуiр 2021, 15:53 474

Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-миинистрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.

1997-1998 жж. — ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

1998-2000 жж. — «Қазақстан темір жолы» РМК департаментінің директоры.

2000-2002 жж. — «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ-ның бірінші вице-президенті; бас менеджері, қайта құру жобасын басқару тобының жетекшісі.

2002-2004 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

2004-2007 жж. — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2007-2020 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2011 жж. — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры.

2011-2014 жж. — индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014-2016 жж. — қорғаныс министрінің орынбасары.

2016-2017 жж. — ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.

2017-2018 жж. — Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...