Nur Otan онлайн дауыс берудің негізін қалады

3 Қазан 2020, 11:28
1885
Бөлісу:
Nur Otan онлайн дауыс берудің негізін қалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ШҚО бойынша есеп комиссиясының төрағасы Серік Жеңісов айтты.

Праймеризге қатысушы үміткерлерге 1 қазаннан бастап онлайн дауыс беру басталған болатын. Онлайн дауыс беру үшін primaries.kz ақпараттық жүйесіне облыс бойынша 40 мыңнан астам партия мүшесі тіркелді. Қазіргі таңда 34 398 адам онлайн дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.


ШҚО бойынша 221 учаске ашылды. Кеше ақпараттық жүйенің шамадан тыс жүктелуіне байланысты онлайн дауыс беру уақытын 4 қазан сағат 14-00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Облыс бойынша интернет жылдамдығы төмен немесе мүлде интернет жоқ жерлер үшін 61 учаскеде дауыс беру бюллетеннің көмегімен дәстүрлі форматта өтеді. Nur Otan партиясы еліміздің тарихында алғаш рет онлайн дауыс беру түсінігін енгізді деуге болады, - деп атап өтті ШҚО бойынша есеп комиссиясының төрағасы Серік Жеңісов.
Айта кетсек, жалпы шығысқазақстандықтардың праймеризге қатысу және дауыс беру белсенділіктері жоғары. Онлайн дауыс бере алмаған партия мүшелері учаскелерге келіп дауыс беруде.
Өзгелердің жаңалығы