#НеМолчиkz: Зорлық құрбандары тыныштықты бұзды

24 Маусым 2020, 15:06
2841
Бөлісу:
#НеМолчиkz: Зорлық құрбандары тыныштықты бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "НеМолчиkz" қоғамдық қорының президенті Дина Смайылова зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілетін жаңашылдықтардың барлығы сарапшылар мен қоғамның ортақ қалауы екенін жеткізді. Бұл туралы ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен онлайн дөңгелек үстел барысында айтты.

Бұл өте өзекті мәселе. Біздің ұйым волонтерлік негізде жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеп келеміз. Ұйымды ешкім қаржыландырмайды. Онда небәрі 4 адам ғана жұмыс істейді. Зорлықтың құрбандарына қайтарымсыз көмек көрсетеміз. Біздің кеңсеміз де жоқ. Жалақы да алмаймыз, - дейді Дина Смайылова. 

Алайда ол 4 жыл ішінде көптеген қазақстандықтың санасын өзгертуге қол жеткізгенін айтады.
Зорлық-зомбылық құрбандарының ашық айтуы негізінде заң жобасына өзгертулер енгізуге қол жеткізілді. #НеМолчиkz – қазақстандықтарды зорлық туралы айтуға шақырған алғашқы ұйымдардың бірі. 4 жыл ішінде кешенді әрі жүйелі жұмыстың негізінде жүздеген қазақстандық әйел өздерінің оқиғаларымен бөлісті. Осы уақыт аралығында қылмыстық жауапкершілікке 52 адамды тарттық. Зорлық құрбандары тыныштықты бұзды. Зорлық-зомбылық сырт көзге айқын көріне бастады, - деді ол. 

Оның айтуынша, қоғам садистік зорлық-зомбылықтың түрлерін көре бастады. 
Әйелдер мен балалар агрессор әріптестерінің құрбаны атанды. Оның барлығы заңның жетілмеуі салдарынан орын алды.Қоғам зорлық-зомбылық туралы дүрбелең салып,заң жобасын өзгертуді талап еткен соң, Үкімет пен депутаттар зорлық көрсететін адамдардың жазасыз кету фактісіне көз жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Қаңтардан бастап сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы өз күшіне енді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы