Бас жаңалықтар
Некені 3 күнде рәсімдеуге болады – министр
15 Қаңтар 2019, 11:54 3565

Некені 3 күнде рәсімдеуге болады – министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев некені тіркеуді 3 күнде рәсімдеуге болатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, нормативті-құқықтық базаны жетілдіру аясында 43 заң мен 10 кодексте 500 түзетуді қарастыратын заң жобасын әзірленіпті. Аталған заң жобасы ведомствааралық комиссияның ұсыныстары аясында көрсетілетін 121 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған бірқатар түзетулерден тұрады екен.

«Біріншіден, некені тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы бұрын 1 айға созылған процесті 3 жұмыс күнінде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Екіншіден, салық төлеушілердің артық төленген сомасын автоматты түрде қайтару қарастырылады. Үшіншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібін бір ғана нормативті акт - ережелер арқылы реттейтін түзетулер де пысықталып жатыр», - деді министр. 

Осы орайда ол алдағы уақытта жалпы 3,5 мың стандарт пен регламент өзгертуге жолданатынын жеткізді. 

Абаевтың айтуынша, аталған түзетулердің аясында «пилоттық жоба» түсінігін енгізу жоспарланып отыр екен.

«Осылайша кейбір көрсетілетін қызметтерді алдын-ала қолданып көреміз. Тәуекелді тұстарын анықтап, халыққа ыңғайлы жолдарын қарастырып, таңдап аламыз. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мерзімін қысқартады. Қазіргі уақытта осындай өзгертулер жарты жылдай уақытты алады. Сондай-ақ, осы арқылы әлеуметтік әсері бар мәселелерге байланысты тәуекелдерді төмендетеміз. Өйткені пилотты жобаны қажетті уақытта тоқтатуға және өзгертуге, азаматтарға кері әсер етпеуін қадағалауға мүмкіндік береді», - деп аяқтады ойын Абаев.
Дәурен Ерболат
Загрузка...