Үндістан ұшырған аппарат Ай орбитасына жетті

21 Тамыз 2019, 23:13
1463
Бөлісу:
Үндістан ұшырған аппарат Ай орбитасына жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Үндістанның «Чандраян-2» станциясы Ай орбитасына жетті. Бұл туралы ғарыштық зерттеулер ұйымының басшысы Кайласавадивоо Сиван хабарлады, деп жазады 24.kz.

Аппарат 7 қыркүйекте Айға қонады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, 20 тамызда үндінің ғарыш аппараты «Чандраян-2» ай орбитасына шықты. Бұл Үндістандағы ғарыштық зерттеулер ұйымының екінші ай серігі. Бұған дейінгі «Чандраян-1» орбитада ғана жұмыс істесе, ал соңғы шыққан аппаратты айдың оңтүстік полюсіне қондыру жоспарланған. Соның арқасында ғалымдар жер серігі туралы жаңа  мәліметтер алуды көздеп отыр.


Өзгелердің жаңалығы