Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева «Астана клубының» алтыншы отырысында айтты.
Клубымыздың осыған дейінгі отырысы 2019 жылы өткен болатын. Бұл мүлдем басқа дәуірде болған сияқты. Содан кейін вирустың жергілікті өршуі өмірдің әдеттегі тәртібін «жойып», экономиканы тоқтатып, әлемнің көптеген елін оқшаулануға мәжбүр ететінін ешкім елестете алмады. Пандемия біздің қаншалықты өзара байланысты және бір-біріне тәуелді екенімізді тағы бір рет көрсетті. Бүгінде халықаралық қауымдастық бұрынғыдан да күш-жігерді біріктіруге мұқтаж, - деді Назарбаева.
Ол өзара сенімді ынтымақтастық режимінің қалпына келуі барлығы қолғабыс көрсетуі тиіс халықаралық аренадағы басты мәселе екенін айтты. «Астана клубтың» міндеті осыған жәрдемдесу.
Айта кетейік, «Астана клуб» 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Оған әлемнің 40 елінен 200 спикер қатысты.
Пандемия әлемдік жүйеде түбегейлі өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Әлемде бұл өзгерістер қай бағытта болуы керегі туралы түсінік жоқ. Біз үшін қазір Үлкен Еуразиядағы диалогті кешенді қайта қарау қажеттілігі тұр, - деді ол.