Назарбаев: Тәжікстанмен достығымыз нығайып келеді

28 Мамыр 2019, 21:17
1596
Бөлісу:
Назарбаев: Тәжікстанмен достығымыз нығайып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Елбасы ынтымақтастықтың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан мен Тәжікстанның берік достыққа және сенімге негізделген қатынастар орнатқанын атап өтті, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі. 

«Достығымыз жылдан жылға нығайып келеді. Сіз әлемдегі күрделі жағдайда Тәжікстанды басқарып отырсыз. Елдеріңіз дәйекті дамып, тұрақтылық қамтамасыз етілуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі жақты қатынастар бауырлас халықтардың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая беретінін айтты. 

Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қарқынды дамығанын атап өтті.   

«Мен Қазақстанның көз алдымызда қалай өзгергенін көрдім. Елордада өткен алғашқы кездесулер менің есімде және оның қаншалықты өзгергенін көріп отырмын. Оң өзгерістер қалада ғана емес, бүкіл еліңізде жүріп жатыр. Бұл – Сіздің табысты жұмысыңыздың, дана және көреген саясатыңыздың нәтижесі», – деді Тәжікстанның Президенті.

Өзгелердің жаңалығы