Бас жаңалықтар
Жұмысың жаман - Назарбаев Ақышевқа ескерту жасады
30 Қаңтар 2019, 12:48 3530

Жұмысың жаман - Назарбаев Ақышевқа ескерту жасады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев есеп берді. 

Атап өтсек, бүгінгі жиында өткен жыл қорытындыланып, алдағы жылға жоспарлар бекітілмек.

«Жолдау аясында экономиканың басым секторларын несиелеу үшін 600 млрд теңге беру механизмі іске қосылды. Жобаларды қаржыландыру механизмдері анықталды. Алғашқы банк несиелеуге арналған қаржыны иегере бастады. Дегенмен, Ұлттық банк бір бағдарламадан өзге, ақша-несие саясатының тиімділігін жақсарту бойынша бірқатар шара қабылдады. Ұлттық банк банк секторын нашар, тиімділігі төмен ойыншылардан тазалау бойынша жұмыс атқарды. Біз нақты секторды сауықтырмасақ, өткен жылдардағы жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптеніп отырмыз», - деді Ақышев.

Елбасының айтуынша, егер Ұлттық банк қайта несиеленген нашар компанияларға ақша бөлетін болса, қайта сол жағдай қайталанады, яғни қаржы жоғалып, банктердің жағдайы нашарлайды. Ақшаны тек сәтті жұмыс істеп, қаржыны қайтаратын компанияларға беру керек.

Ақышев елімізде банктен несие алып, қайтармаған компаниялардың көп екенін айтты.

«Біз өзіміз жаман басқардық, бақыламадық. Неліктен ақшаны оны желге шашып жіберетін нашар компанияларға беру керек болды? Біз - банктер мен Үкімет осыны дұрыс бақыламадық, ақшаны кім көрінгенге бердік. Олар несие алып, төлемеген, ал оларға оның үстіне субсидия беріледі. Енді оларға несие береміз бе немесе тәртіп орнатамыз ба? Қанша пайызын қайтарған жоқ? Енді олар солай жүре бере ме? Бұл қылмыстық іс болуы тиіс. Ақша мемлекеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қайтарылуы тиіс. Мен «жеке бақылау комитеті» дегенде, сен – өзім істей аламын дегенсің. Енді бақылап көр. Заң бар, әр акционер барып, өз банкін тонайды, ал одан кейін соңынан жүгіреміз. Біз қайда болдық? Бұл жаман жұмыс», - деп ескерту жасады Назарбаев.

Қымбат Елтайқызы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Сізден жаңалық