Бас жаңалықтар
Наурыз әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін – Дәурен Абаев
22 Наурыз 2020, 11:48 176

Наурыз әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін – Дәурен Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтарды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Наурыз мейрамына орай құттықтады.

Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Жаңару мен жаңғырудың бастауы, ырыс пен молшылықтың арқауы іспеттес бұл мейрамды халқымыз айрықша ықылас-үмітпен, ізгі амал-тілекпен қарсы алған. Біз де қиындықтар мен сынақтардың барлығы өткен жылдың еншісінде қалып, жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін деп тілейік. Басталған жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қарқынды дамып, қуатты мемлекетке айналсын! Әз-Наурыз Отанымызға береке-бірлігімен, әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін, - деп жазды министр өзінің Facebook-тегі парақшасында. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...