NASA Ай мен Марсқа зымыран ұшырудың дайындық жұмыстарын тоқтатты

20 Наурыз 2020, 20:30
1961
Бөлісу:
NASA Ай мен Марсқа зымыран ұшырудың дайындық жұмыстарын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Artemis бағдарламасының алғашқы кезеңі 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған болатын. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) COVID-19 пандемиясы салдарынан Миссисипи штатында орналасқан Джон Стеннис атындағы Ғарыш орталығындағы және Луизиана штатында орналасқан Мишуд жинау орталығындағы SLS (Space Launch System) зымыран-тасығышы мен Orion кемесіндегі жұмысты тоқтатты. Бұл туралы ғарыш ведомствосының директоры Джеймс Брайденстайнның 20 наурыз күні жарияланған мәлімдемесінде хабарланған еді. 
Коронавирус жағдайында NASA басшылығы өз қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне басымдық береді. Ол үшін 20 наурыз күні біз Мишуд құрастыру орталығында және Джон Стеннис атындағы ғарыш орталығында қауіпсіздік шараларының төртінші деңгейін енгіземіз (нысандарды жабу және қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру), - деді мекеме директоры Джеймс Брайденстайн.

Екі орталықта да америкалық Ай бағдарламасы және Марсқа ұшыруға бағытталған зымыран-тасығыш және кеме жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.
NASA Space Launch System және Orion жабдықтарын өндіру мен сынақтан өткізуді уақытша тоқтатады. Бұл шаралар вирустың таралуын бәсеңдету үшін және қауымдастықты қорғау мақсатында қабылданып отыр, - деп қосты Брайденстайн.

Сондай-ақ, Джон Стеннис атындағы Ғарыш орталығының бір қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды, екі нысан орналасқан ауданда сырқаттанғандар саны өсуде. Дегенмен, Мишуд орталығының қызметкерлері арасында вирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айында NASA Айды игерудің жаңа бағдарламасы Artemis деп аталғанын хабарлаған болатын. Ол үш кезеңнен тұрады. Біріншісі (Artemis 1) Orion кемесінің SLS зымыранына орнатылған Айдың айналасында ұшып, оның Жерге оралуын қамтамасыз ететін пилотсыз ұшу бағдарламасы. Ол 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

Екінші кезең (Artemis 2) – табиғи Жер серігінің бортындағы экипажбен ұшу. Бұл 2022 жылға белгіленген. NASA миссиясының үшінші кезеңінде (Artemis 3) 2024 жылы ғарышкерлерді Айға түсіруді жүзеге асыруды және оларды 2030 жылдардың ортасында Марсқа жіберуді жоспарлап отыр.



Өзгелердің жаңалығы