Нақты және тиімді құқықтық тетіктерді белгілейтін түзетулер әзірленуде – Балаева

10 Ақпан 2021, 12:40
1505
Бөлісу:
Нақты және тиімді құқықтық тетіктерді белгілейтін түзетулер әзірленуде – Балаева
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жыл қайырымды істер қозғалысының айналасында көптеген қазақстандықты біріктірген волонтерлік белгісімен өтті. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Өткен жыл қайырымды істер қозғалысының айналасында көптеген қазақстандықты біріктірген волонтерлік белгісімен өткенін білесіздер. Мұны елдің қарапайым азаматтарының бастамасымен пайда болған көптеген қайырымдылық және еріктілер жобасы дәлелдейді. Бүгінгі күні олардың қатарында 100 мыңға жуық адам бар. Олар үшін «адамдарға көмектесу» тек жоғары гуманистік акт емес, өмірдің нормасы және жанның импульсіне айналды, - деді министр.
балаева4.jpeg


Балаева еріктілерді де, қайырымдылық шараларын да ынталандыру мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұрғанын айтты. 
Осы мақсатта жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде жұмыс тәжірибесіне еріктілер сағатын енгізу, сондай-ақ еріктілерді сақтандыру сияқты жеңілдіктерді ескеретін заң шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мақсатында «Қайырымдылық туралы» Заң қабылданды, бұл қайырымдылық инвестициялары көлемінің 4 есе ұлғаюына, халықтың онлайн қайырымдылыққа 3 есе қатысуына ықпал етті, - деп атап өтті Балаева.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша нақты және тиімді құқықтық тетіктерді белгілейтін түзетулер әзірленуде.
Біріншіден, қайырымдылықты жанама түрде ынталандыру шараларын, электронды және корпоративтік қайырымдылық механизмдерін енгізу ұсынылады. Екіншіден, қайырымдылық және волонтерлік ұйымдарға құқықтық мәртебе беру бөлігінде қосымша шаралар енгізіледі. Үшіншіден, салықтық жеңілдіктер арқылы қаржылық ынталандыру мәселелері пысықталуда, - деп түсіндіріп берді ол.

Министр Аида Балаева осы жаңалықтардың барлығының қабылдануымен елдегі қайырымдылық қозғалысы ұдайы өсіп отыратынына, ал осы марафонның басталуымен олардың қатары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына өз үлесін сөзбен емес, іспен қосқысы келетін нағыз патриоттармен толықтырылатынына сенімді екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы