Нұрымбетовтің ағасына қатысты сот ісі басталды 

13 Тамыз 2020, 13:54
1372
Бөлісу:
Нұрымбетовтің ағасына қатысты сот ісі басталды  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды.

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Нұрымбетовке қатысты іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 128-бабы бойынша жолданды.

Айта кетейік, Нұрымбетовтен басқа бұл іс бойынша сот алдына тағы 5 адам келді.
Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлына, Романова Нұрзипа Молшылыққызына, Өтеулина Аида Асқарқызына қатысты таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалады және ол 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылады, - делінген сот құжатында.
Zakon.kz хабарлағандай, осы іс бойынша басты сот отырысы 2020 жылдың 30 шілдеде өткен болатын. Кезекті сот отырысы 17 тамызға белгіленді.

Тимуржан Нұрымбетовтің 15 жылға жуық Жамбыл облысы әкімдігінде түрлі қызметтерде жұмыс істегені белгілі. 2019 жылдың ақпанынан бастап Тимуржан Нұрымбетов Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Өзгелердің жаңалығы