Бас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді қабылдады
19 Тамыз 2019, 17:18 283

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

«Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды», - деп хабарлады elbasy.kz.

Сонымен бірге, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін  Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық