Нұр-Сұлтанда венгерлік текбол ойыны танымал болып келеді

16 Қыркүйек 2019, 20:45
2548
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда венгерлік текбол ойыны танымал болып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінен Нұр-сұлтан қаласына текбордты ресми тапсыру рәсімі өтеді. Мақсат – бұл ойынды Қазақстан халқы арасында насихаттау. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Шара 2019 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 15:30-да басталады. Рәсім 14- 22 қыркүйек аралығында өтіп жатқан грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатының аясында ұйымдастырылады.

Салтанатты рәсімге Текбол Халықаралық федерациясының, Қазақстан Республикасындағы Венгрия Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Халықаралық грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының президенті Ненад Лалович мырза қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, рәсім кезінде венгриялық спортшылардың текбол ойынындағы шеберлігі де паш етіледі.

Текбол-футбол мен үстел теннисінің элементтерін біріктіретін өте қызықты ойын, мұнда әдеттегі футбол добынан бөлек, арнайы әзірленген текборд үстелі қажет. Мұндай үстелді әзірлеуге екі жылдан астам уақыт пен тұрақты тестілеу және инженерлік есептеулер қажет. Текборд конструкциясы жабық бөлмеде де, далада да кез-келген ауа райында ойнауға қолайлы, өйткені үстел корпусы суға, ультракүлгін сәулеге төзімді келеді.

Венгрияда пайда болған текбол ойынын шығарушылардың мақсаты – оны Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу.

Текбол ойынының танымалдылығын арттыру жұмысына бразилиялық шабуылшы Роналдиньо, испандық қорғаушы Пуйоль және португалиялық жартылай қорғаушы Фигу сияқты әлемдік футбол жұлдыздары белсене ат салысып жүр.

Өзгелердің жаңалығы