Нұр-Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді

18 Қазан 2019, 10:15
2452
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда өтетін IT-мамандарға арналған форумда цифрландыру жөнінде вице-министрлерге сұрақ қоюға болады, деп хабарлады Astana Hub баспасөз қызметі. 

Денсаулық сақтау вице-министрі - Олжас Әбішев, білім және ғылым вице - министрі Рүстем Биғари, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі - Нариман Мұқышев, қаржы вице - министрі - Руслан Еңсебаев, сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылай Оспанов 2019 жылы 24-25 қазанда Нұр - Сұлтанда өтетін Digital Bridge форумында Қазақстанның сандық трансформациясын талқылайды.

Сессия Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде өтеді және 5 CDO Open Talks деп аталады. CDO немесе Chief Digital Officer-сандық трансформацияға жауап беретін менеджерлерді атаймыз.

"Сессияның 90 минуты нарықпен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесін де, сондай-ақ бүгін мемлекет алдында тұрған қиындықтарды талқылауға арналады. Вице-министрлер IT-қоғамдастықпен бірлесіп сандық жобаларды іске асыруда мемлекеттік органдардың ІТ-нарығымен ынтымақтастығының табысты кейстерін талқылайды, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жобаларын іске асырудың қиындығы неде және ІТ-нарық мемлекетке қалай көмектесе алатыны ортаға салынады деп жоспарлануда", - делінген таратылған мәліметте.
Форум ұйымдастырушылары хабарлағандай, қатысушылар вице-министрлерге кез келген сұрақтар қойып, сандық шешімдер арқылы азаматтардың өмірін жақсарту туралы идеялармен бөлісе алады. Іс-шараға тіркелу форум сайтында ашық: digitalbridge.kz/5cdoopentalks

24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы - медиа және мәдениет салаларындағы идеялармен алмасу алаңы өтетінін еске саламыз. Digital Bridge - бұл тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді талқылау, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа әлем арасында сандық көпір құру үшін өткізілетін интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, бизнес періштелер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер мен сандық БАҚ үшін жыл сайынғы өткізілетін форум.

Форум аясында бірнеше сессиялар өткізу жоспарлануда, олардың арасында Next Tech Entrepreneur Forum, Digital Qazaqstan Forum, QazTech Forum, Astana Hub Battle және Astana Hub Awards. Іс-шараны ұйымдастырушылар - "Зерде "ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар. Форум "Қазақтелеком" АҚ, ERG және BTS Digital қолдауымен өткізіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы