Бас жаңалықтар
Мысырда ағаштан жасалған отызға жуық саркофаг табылды
22 Қазан 2019, 08:57 750

Мысырда ағаштан жасалған отызға жуық саркофаг табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың Луксор қаласында ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл – жүз жыл ішінде табылған ең ірі олжа. Саркофагтар Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Эль-Ассасиф қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталған.

Археологтардың айтуынша, оюлы әрі боялған саркофагтар осыдан шамамен 3 мың жыл бұрын жерленген. Болжам бойынша олардың ішінде абыздар мен балалардың мүрдесі жатқан болуы мүмкін.

Ғалымдардың сөзінше, реставрация жұмыстарынан кейін олар Үлкен Мысыр музейіне қойылады.



Фото: дереккөз
Загрузка...