Бас жаңалықтар
Үндістанда 2 жастан бастап коронавирусқа қарсы екпе салынады
13 Қазан 2021, 17:55 30495

Үндістанда 2 жастан бастап коронавирусқа қарсы екпе салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дельта» мутант штаммы алғаш тіркелген Үндістан балаларға коронавирусқа қарсы иммундауға рұқсат беруде.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Вакцинация ретінде Covaxin препараты таңдалды. Билік оны 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау үшін қолдануға рұқсат берді. Бірінші және екінші дозалар арасы 20 күн болуы керек. Шетелдік дәрі-дәрмектерден басқа, Үндістанда «Спутник V» және AstraZeneca вакцинасы қолданылады. 

Елде 685 337 489 адам немесе халықтың 49,7%-ы вакцинаның кем дегенде бір компонентімен егілген, 269 570 606 адам вакцинацияның толық курсынан өтті.

Мексика Үкіметінің өкілі коронавирустық инфекция таралуының үшінші толқыны төмендегенін хабарлады. Аурудың алдын алу жөніндегі хатшының орынбасары Уго Лопес-Галтель өткен аптада COVID-19 таралу қарқыны алдыңғы аптаға қарағанда 30%-ға азайғанын айтты. Соңғы мәліметтер бойынша Мексикада пандемия басталғаннан бері 3,7 миллионнан астам «дельта» мутациясымен коронавирус жұқтырған адам анықталды. Республикада аурудың асқынуынан 282 мыңнан астам адам қайтыс болды.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...