Мұғалімдерге мемлекеттік сыйлық тағайындалады – министр

19 Қыркүйек 2019, 15:46
2970
Бөлісу:
Мұғалімдерге мемлекеттік сыйлық тағайындалады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

«Бірінші кезекте балабақшадан орын беру мәселесі ескерілген. Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу де бар», - дейді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Жаңа заңда сондай-ақ, мұғалімдерді өздеріне қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Одан бөлек, айыппұл жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де ескерілген.

«Мұндай шаралар өзінің үлкен септігін тигізеді деп санаймын. Бұл жерде мәселе директорлар, әкімдіктер және басқа мемлекеттік органдарға қатысты. Бүгінде мектепке кімдер келмейді?! Тексеруші органдар да аз емес. Керек емес әртүрлі ақпарат сұраса, мұғалімдерді жұмысына тән емес шараларға тартатын болса, онда тиісті жаза қолдануға мүмкіндік туды. Заң жобасы қабылданғаннан кейін біраз жақсы өзгерістер болады деп санаймын», - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы