Мұғалімдер жыл соңына дейін ағылшын тілі курсынан өтеді

2 Қараша 2021, 15:30
2085
Бөлісу:
Мұғалімдер жыл соңына дейін ағылшын тілі курсынан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова мұғалімдер ағылшын тілі курсынан өтіп жатқанын айтты.

Ол «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының педагогтарды үздіксіз кәсіби дамыту жұмысы бойынша ақпарат берді.

Жоспарланған мемлекеттік тапсырыстың 84%-ы біліктілікті арттыру курстарында оқытылды. Бұл – 5 жылда бір рет дәстүрлі түрде өткізілетін 80 сағаттық курстар бойынша көрсеткіш. Жыл соңына дейін 5 702 педагогты оқытуды жоспарлап отырмыз. «Өрлеу» жұмысының негізгі бағыты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына байланысты. Себебі орталық аппаратың ішінде халықаралық ұйымдармен, серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік бар, - деді Әсел Мұхаметжанова.

Сонымен қатар «Өрлеу» басшысы мұғалімдердің ағылшын тілі курсынан өтіп жатқанын айтты.

Қазір біздің міндеттеріміздің бірі – ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру. Себебі педагогтардың тілді меңгеру деңгейіндегі проблемаларды көріп отырмыз. Қандай тәсілдер арқылы оларды қолдау қажеттігін түсінеміз. Британ кеңесімен оқыту бағдарламасы сәтті іске қосылды. Бұл курс 25 желтоқсанға дейін өткізіледі. Бұл курс педагогтардың ел ішіндегі және 5 Посткеңестік елдегі әріптестерімен өзара байланысу үшін кең мүмкіндіктер ашады, - деп атап өтті ол.

Бүгінгі күні британдық кеңестің 3 тренері оқытуды жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы