Митинг туралы заң халық үніне құлақ асудың басты аспектісі – Ерлан Саиров

14 Мамыр 2020, 14:10
1428
Бөлісу:
Митинг туралы заң халық үніне құлақ асудың басты аспектісі – Ерлан Саиров
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сенат митинг туралы заңды Мәжіліске қайтарды және ары қарай ұштау мәселесін алдыға қойып отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров тілдесу барысында айтты.

Оның айтуынша, бұл заң халықтың үніне құлақ асуға қабілетті мемлекеттің басты аспектілерінің бірі. 
Аталған заң қазіргі таңда қоғаммен  және халықаралық ұйымдармен жан-жақты талқыланып жатқан құжат. Осы талқылау процесінің өзі елімізде демократияның, плюролизмнің еніп келе жатқанын көрсетеді. Осындай қызу талқылаудың, осылай заң шығарушы органдардың бір-бірімен келісудің нәтижесінде біз халықтың ойынан шығатын заңға ие боламыз,-дейді ол. 

Сонымен қатар, ол Заңға енгізілгелі отырған түзетулердің барлығы еліміздегі қоғамдық процестерді либерилизация жасау, ойлар плюролизмін дамытуға бағытталғанын айтады. 
Бұл заңды жасау кезінде мен де жұмыс тобының мүшесі болдым. Бұл жерде үш аспекті бар. Біріншісі, елімізде бейбіт митингтер өткізудің предукциясы, яғни мемлекеттік органдар халықтың митинг өткізу талпынысына кедергі жасауға қақысы жоқ.  Екіншіден, біз рұқсат сұрау жүйесінен құлақтандыру жүйесіне өтіп жатырмыз. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сондықтан бұл заң еліміздегі демократия стандарттарын енгізуге бағытталған,-дейді Саиров.


Өзгелердің жаңалығы