Бас жаңалықтар
Министрлік БҚО-да кене буған малға қатысты түсініктеме берді
21 Мамыр 2020, 22:27 398

Министрлік БҚО-да кене буған малға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын көктем шыққанда еліміздің батыс өңірлерінде жайылымдық кенелердің белсенділігі артып кетеді.

БАҚ-та кене шағу салдарынан Батыс Қазақстан облысы малының ауруы туралы хабарламалар жарияланған болатын. Осыған байланысты ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қансорғыш жәндіктердің шабуыл жасау жағдайлары "жануар - орта" экожүйесінің жағдайына байланысты екенін еске салады. Оны қамтамасыз ету үшін ҚР "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 және 25 баптарына сәйкес жануарлардың иелері мен ауылдық округ әкімдері жауапты болады. Олардың міндеті мал жаю орнын анықтау және жануарларды диспансерлік сауықтыру мақсатында орындармен қамтамасыз ету - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Малдың инвазиялық ауруларының алдын алу және емдеу (қоздырғыштары жануарлар организмдері – гельминттер, өрмекші тәріздес, жәндіктер және қарапайым жануарлар болып табылатын жұқпалы аурулар), сондай-ақ мал иелерінің және мал шаруашылығы бизнесінің міндетіне кіреді, себебі мұндай аурулар энзоотиялық ауруларға жатпайды және профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілмеген.

Сонымен қатар, жануарлардың инвазиялық ауруы зертханалық расталған жағдайда, заңнама жергілікті бюджет қаражатынан емдеу мен дезинсекцияны қаржыландыруды көздейді. Бұл үшін әкімдіктер осы аймаққа тән жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітуі тиіс.

БҚО-да жануарларды кене шағу жағдайларының жаппай тіркелуі кенелердің тіршілік әрекетінің екінші циклына ауа райы қолайлы болғандықтан деп болжам жасауға болады. Яғни, қуаңшылықтың салдары. Жауын-шашынның және жайлымды (лиманды) суару болмағандықтан топырақтағы кене жұмыртқаларының шайылып кетпеуі бұл олардың ауқымды таралуына әкеліп соғады. Тиісінше, кенелер популяциясының артуы жануарларды жаппай шағуға алып келді - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...