Министр елімізде вакцина салдырған қанша адам қайтыс болғанын айтты

27 Қыркүйек 2021, 16:04
15937
Бөлісу:
Министр елімізде вакцина салдырған қанша адам қайтыс болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, биыл 1 ақпаннан бастап тамыз айының соңына дейін вакцинацияланған адамдардың 5%-ы қайтыс болған.

1 ақпаннан бастап тамыздың соңына дейін вакцина алған азаматтардың арасында 482 адам қайтыс болды. Бұл коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың жалпы санының 5%-ын құрайды. Қайтыс болған жандардың басым көпшілігі вакцина салдырмағанын түсінген маңызды, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинацияның қашан басталатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы