Министр: Биыл 22,5 млн гектар егін егіледі

26 Мамыр 2020, 09:23
1516
Бөлісу:
Министр: Биыл 22,5 млн гектар егін егіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ҚР Үкіметінің отырысында "Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы" айтты. 

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн гектар алаңға егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп.
Бұл ретте импорттың орнын басу үшін жоғары рентабельді дақылдар пайдасына егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша, биыл майлы дақылдары алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдары алаңы - 10 мың гектарға, бақша дақылдары алаңы - 1,5 мың гектарға, картоп - 7,8 мың гектарға, азықтық дақылдары алаңы - 308,6 мың гектарға, қант қызылшасының алаңы 2,4 мың гектарға ұлғаяды – деді министр.

Министрдің сөзіне қарағанда биыл дәнді дақылдар алаңы 14,9 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кеміген. 
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын егу республиканың барлық аймақтарында жүргізілуде. Атап айтқанда, дәнді және дәнді –бұршақты дақылдар 9,6 млн гектарға немесе жоспарланған алаңның 65%-ына, майлы дақылдар 2,3 млн гектарға (76%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың гектарға (85%), қант қызылшасы 20,5 мың гектарға (93%), мақта 118 мың гектарға (100%), көпжылдық шөптер 352 мың гектарға (100%) егілді – деді Сапархан Омаров.

Оның сөзіне қарағанда, оңтүстік өңірдегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға жақын. 
Қазгидрометтің болжамына сәйкес мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде, әсіресе бұл Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты. Осыған байланысты себуді оңтайлы мерзімде аяқтау үшін әрбір жаймашуақ күнді барынша жемісті пайдалану, тұрып қалуды болдырмау және мүмкін болған жағдайда, агрегаттардың екі ауысымдық жұмысын ұйымдастыру арқылы өнімділікті арттыру шараларын қабылдау қажет – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы