COVID-19. Біз мұндай күрт өсу болатынын білдік – министр

8 Мамыр 2020, 18:19
1393
Бөлісу:
COVID-19. Біз мұндай күрт өсу болатынын білдік – министр
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы "Хабар24" арнасында берген сұхбатында айтты. 

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет жұқтырғандардың күрт санынын өсуі тұрғындар арасында тестілеу санының жоғарылауына байланысты. Бүгінде тіркелген науқастардың 90 пайызы Алматыда, ал 80 пайызы Нұр-Сұлтанда. Біз мұндай күрт өсу болатынын білдік. Халықтың белгілі топтарына белсенді түрде скрининг, зертханалық скрининг өткізілгеннің нәтижесінде осындай көрсеткіштерді көріп  отырмыз. Індет белгілері жоқ науқастарды тез арада анықтауға байланысты осындай скрининг тесттер өткізіп жатырмыз, - деді министр "Хабар24" арнасында берген сұхбатында.
Қазір Қазақстан бойынша 4500 мыңға жуық адам індет жұқтырғандығын айтып, олардың жартысынан көбін скрининг тестілеудің нәтижесі бойынша анықталғындығын тілге тиек етті.
Бүгінгі күнге дейін індет белгілері анықталмаған науқастарды да ауруханаға жатқызып, емдедік. Алайда, басқа халықаралық әріптестеріміз симптомсыз науқастарды ауруханаға жатқызып, жай ғана бақылауды ұсынды. Толыққанды бұл індетті емдейтін ем жоқ болғандықтан, коронавирус белгілері жоқ науқастар ауруханаға жатқызылады, олар жай ғана бақылауда болады,- деді ол.

Сондай-ақ министр, карантин режимі уақытылы енгізілгенін айта кетті.

12 наурызда ең бірінше жағдай анықталған уақытта тез арада карантиндік режимге көшкен едік. Егер де сол кезде карантин енгізілмегенде қазіргі 4,5 мың жағдай сегіз күннің ішінде анықталар еді. Сондықтан, президент  жариялаған төтенше жағдай да, карантин режимі де оң нәтижесін берді. Соның арқасында ауруды біршама болса да бәсеңдетіп, медицина қызметкерлеріне  көп ауыртпалық салмадық. Пандемия біткен жоқ. Әлі де жалғасады. Карантин жалғасуда, - деді Елжан Біртанов.

Эпидемия біздің мемлекетіміздің дамуына кері әсерін тигізбес үшін сақтық шараларын жеңілдеткен дұрыс. Экономикамыз әрі қарай өсіп, адамдар қызметтерін жалғастырып, кәсіпорындар жұмыстарын ілгері дамыту керек, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы