Барлығы МӘМС жарнасын төлеуге міндетті – министр

13 Желтоқсан 2019, 14:38
3231
Бөлісу:
Барлығы МӘМС жарнасын төлеуге міндетті – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін азаматтар Медициналық сақтандыру қорына жалақысының 1%-ын жарна ретінде төлейтін болады. 

Бұл заңға сәйкес міндетті саналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте белгілі болды. 

Бас спикер – министр Елжан Біртанов "төлеймін, төлемеймін деген жағдай болмайды, барлығы төлеуге міндетті" екенін баса айтып өтті.

Өздеріңізге белгілі, осыдан біз Қарағанды облысында арнайы пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Өңірде барлық медициналық ұйым бірыңғай медициналық ақпарат жүйеге көшті. Тұтастай алғанда, халықтың барынша көп бөлігін медициналық сақтандыру – біздің мақсатымыз. Бүгінде халықтың 98% өзектендірілді. Біздің азаматтарымыздың әлеуметтік статусы жөнінде нақты дерек бар. Тек халықтың 3%, яғни 505 мың адамның әлеуметтік статусы анықталмады. Олар тұрғылықты мекенжайда тұрмайтын адамдар. МӘМС-ке көшу дайындығымыз жеткілікті деңгейде жоғары деп айта аламын. Қаңтардан бастап азаматтардың 88% жарна төлейтін болады. 4% - жеңілдігі бар санаттағы халықтың үлесінде, 29% - жалдамалы жұмыскерлер, - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  

Бүгінде Медициналық сақтандыру Қорында 245 млрд теңге көлемінде қаржы жиналған. Бұл қаржы Ұлттық банк есебінде жатыр. Тек 2020 жылдан бастап қана әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді сатып алуға жұмсалатын болады. Яғни, бұл медсақтандыруға жарна төлеген азаматтардың ақшасы. 

Қор 1500 медициналық ұйымдармен келісімшартқа қол қойған. Оның 50%-дан астамы жекеменшік клиникалар екен. Аталмыш клиникалар мемлекеттің тапсырысын орындайтын болады.

Бұған дейін, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды толық іске қосуға дайын екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы