Мені ешкім тыңдамайды - Қанат Бозымбаев

21 Маусым 2019, 11:28
2534
Бөлісу:
Мені ешкім тыңдамайды - Қанат Бозымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі.Бензин бағасын министрлік емес, нарық реттейді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

 
«Бензин бағасын мен емес,нарық реттейді. Мені ешкім тыңдамайды. Көшеге шығып, оларға «бағаны түсір, көтер» деп айта алмаймын. Олай айтсам, компаниялардың мені сотқа беруге құқығы бар», - дейді Қанат Бозымбаев. 

Оның айтуынша, қазір бензин бағасы арзандаған. Оған себеп нарықтағы сұраныстың төмендігі. 

«Республикада АИ-92 бензинінің бағасы 2018 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 6,9 %-ға төмендеді. Қазір 1 литр АИ-92 - 147,6 теңге тұрады. Сондай-ақ, АИ-95/96 маркалы бензин де 3,8  %-ға арзандады. АИ-98 бір жылдың ішінде 3,4  %-ға төмендеп, литрі 185,9 теңгеден сатылып жатыр», - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы