Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтауға барды

10 Қазан 2019, 14:20
1125
Бөлісу:
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтауға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

«Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады», - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында


Өзгелердің жаңалығы