Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кулуарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық кештер мен бұқаралық іс-шараларды өткізу мәселесіне қатысты пікірін білдірді.
Ертеңгіліктер мен басқа да қоғамдық іс-шаралар мектептерде өткізілмейді. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, бұл шешімді барлығы орындайды, - деп айтты Білім министрі.
Айтуынша, санитарлық талаптар бойынша мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды.
Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады, - деп түсіндірді Аймағамбетов Сенатта.