Мектеп оқушысы Қазақстанның ресми эко-амбассадоры атанды

25 Қазан 2021, 18:01
5454
Бөлісу:
Мектеп оқушысы Қазақстанның ресми эко-амбассадоры атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сәнім Зейінғабыл Қазақстанның ресми эко-амбассадоры атанды.

Эко-амбассадор экологиялық бастамалар мен жобаларды табысты ілгерілетудің маңызды және ажырамас бөлігі. Табиғат жанашырларына экологиялық жобаларды ілгерілетуге, экологиялық сананы дамытуға, күнделікті өмірде экологиялық қағидаларды ұстану қажеттілігіне ықпал ету ерекше міндеті жүктелген.

Менің жобам ол мектептегі экологиялық қозғалысты дамыту, танымдылықты арттыру болатын. Сондықтан мен Эко клубтың лидері ретінде былтыр жыл бойы онлайн режимде көптеген республикалық және халықаралық іс-шараны өткіздім. Мәжіліс депутаты, министрліктің өкілдері, бизнес өкілдермен, Қазақстандағы экологияны негіздеген өкілдермен жұмыс жасадым. Халықаралық іс-шарадан кейін, министрлік өкілдері жасалған жұмысты ескере отырып, мектептің ұсынысымен мені Қазақстан Республикасынның ресми эко-амбассадорлығына ұсынды, - деді ол.

Жас табиғат жанашырының айтуынша, адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өзіне алып, электр энергиясын, суды үнемдеу, экологиялық тұрғыда таза өнімді қолдану сияқты қарапайым ережелерді сақтай білуі қажет.

Бұл тұста, Назарбаев Зияткерлік мектептері эко белсенділерді үнемі қолдау келеді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелеттің айтуынша, жыл сайын қолайсыз экологиялық жағдайлардың, әсіресе ауа мен судың ластануының салдарынан бес жасқа дейінгі 1,7 млн бала қайтыс болады. Бұл бүкіл әлемдегі балалар арасындағы өлімнің төрттен бір пайызын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы