Мектеп формасын кию талап етілмейді – министр

14 Шілде 2020, 14:03
5731
Бөлісу:
Мектеп формасын кию талап етілмейді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде, форс-мажор немесе басқа да шектеу шаралары болған кезде, білім беру мекемелеріне бекітілген мектеп формасын кимей, ұқыпты, классикалық киіммен келуге болады, деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында.

Мектеп формасы да маңызды сұрақтардың бірі. Біз қазір мектеп формасына қатысты Білім министрінің бұйрығына өзгерістер енгіздік. Екі нәрсе қаралды, бірінші, мектеп формасы сол күйде қалады. Оны алып тастамадық. Бірақ оған қосымша тармақ қостық. Онда төтенше жағдай кезінде, форс-мажор немесе басқа да шектеу шаралары болған кезде, білім беру мекемелеріне бекітілген мектеп формасын кимей, таза, классикалық киіммен келуге болатыны туралы жазылған. Тіпті бірінші тоқсаннан кейін де дәстүрлі оқу формасына ауыссақ та, осы кезде мектепте ешкім ата-аналардан мектеп формасын сатып алуы керек деп талап етпейді, - деді ол.
Министрдің айтуынша, кімде мектеп формасы бар, олар форманы кие беруіне болады, ал кімде жоқ, оларға тиісті жағдай жасалды.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл шешім негізді, түсінікті болды. Мен бизнестің дәл осы түрімен айналысқан ірі компанияның жағдайын түсінемін, мен олардың жаңа маусымға дайындалып жатқанын естіп те жүрмін және оларды қолдау қажеттігі жөніндегі үндеуін де оқыдым. Бірақ бұл ретте 3,5 млн-ға жуық бала мектепке келетінін ескеруіміз керек. Экономикалық ахуалды, бүгінгі жағдайды ескере отырып, мектеп формасына да қажетті жағдай жасау керек деген шешім қабылдадық. Кімде мектеп формасы бар, олар форманы кие беруіне болады, ал кімде жоқ, біз оларға тиісті жағдай жасадық, - деді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы