Бас жаңалықтар
Маусымнан бастап 6 мыңдай шақырым жол ақылы болады
19 Мамыр 2021, 07:20 387

Маусымнан бастап 6 мыңдай шақырым жол ақылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымнан  бастап еліміздегі 18 жол учаскесі ақылы болады. Бұл шамамен 6 мың шақырым жол. Ол Шымкенттен Өзбекстанның, Оралдан Ресейдің шекарасына дейінгі учаскелер.

Сондай-ақ Щучье-Петропавл, Шымкент-Қызылорда, Қапшағай-Талдықорған, Ақтау-Бейнеу және Нұр-Сұлтан-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Қостанай жолдары ақылы болады.

Жалпы «Нұрлы жер» арқылы 2025 жылға дейін 11 мың шақырым ақылы жол салу көзделген. Олар пайдалануға берілген соң жыл сайын 60-тан 72 миллиард теңгеге дейін ақша түседі деп жоспарланған.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...