«Маскадағы есірткі естен тандырады». Нұрділда Ораз желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

19 Қазан 2020, 11:20
4572
Бөлісу:
«Маскадағы есірткі естен тандырады». Нұрділда Ораз желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дүйсенбі сайын өтетін Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде айтты.

Әлеуметтік желіде әлеуметтік қызметкерлер атын бүркеніп, қылмыскерлер есірткі жағылған маска таратып, кейін маскадағы есірткі  салдарынан адамдар есінен танып, қылмыскерлер тонауды жүзеге асыратыны туралы ақпарат таратылды. Ресми түрде мәлімдеймін: ол ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ақпарат – фейк, - деді Ораз. 

«Маскадағы есірткі естен тандырады». Нұрділда Ораз желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Сондай-ақ, ол тұрғындарды бөгде адамдарға есік ашпауға шақырды. 

Айта кетейік, брифинг барысында ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов қылмыстық-атқару ісіндегі ахуал туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы