Маска тақпағаны үшін 2,7 мың қазақстандыққа айыппұл салынды

17 Тамыз 2020, 17:31
1956
Бөлісу:
Маска тақпағаны үшін 2,7 мың қазақстандыққа айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде маска тақпай, санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға әкімшілік айыппұл салынғанын айтты.

5 шілдеден бастап маска болмағаны үшін 2 778 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 2 472 адам жабық үй-жайларда маска тақпағаны үшін жазаланды. Ал 306 адам қоғамдық орындарда және көшеде ережені сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Оның айтуынша, ереже бұзғандарды мониторингтік топтар мен жергілікті полиция қызметкерлері анықтайды. Тиісті деректер Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі, онда әкімшілік айыппұл тағайындау туралы шешім қабылданады.

Сонымен қатар, 5 шілдеден бастап карантин талаптарын бұзғаны үшін 123 заңды тұлға жауапқа тартылды. 13 тамыздағы дерек бойынша, айыппұл сомасы 62,6 миллион теңгені құрады, - деді ресми өкіл.
Бұған дейін Бағдат Қожахметов Қазақстанда кинотеатрларды неге ашуға болмайтынын түсіндіріп берді.

Өзгелердің жаңалығы