Бас жаңалықтар
Кинотеатрларды ашуға әлі ерте – ДСМ
17 Тамыз 2020, 17:17 514

Кинотеатрларды ашуға әлі ерте – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда кинотеатрларды неге ашуға болмайтынын түсіндіріп берді. 

Кәсіпкерлер де бұл сұрақты жиі қояды. Шағын және орта бизнес өкілдері, кинотеатр, сауда үйлерінің иелері және Денсаулық сақтау министрі, еліміздің бас санитар дәрігері, осы салаға жауап беретін Премьер-министр мен оның орынбасары аталмыш мәселені бақылауда ұстап отыр. Олар бизнестің жұмыс істеуі үшін, соңғы айда келген шығынның орнын толтыру үшін қолдан келген шараның бәрін жасап жатыр, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бағдат Қожахметов бұл мәселеде тәртіпке бағыну керегін айтты.

Мұнда нақты ереже бар. Оны Қазақстан шығарған жоқ. Коронавирус пандемия әлемге қауіп төндіріп отыр. Экономикалық, қаржылық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл сұрақтарға мен жауап бере алмаймын. Жағдай аурудың көрсеткіштеріне ғана байланысты емес. Провизорлық орталықтағы төсек-орындардың 24 пайызы бос емес екен. Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, қуануға әлі ерте. Себебі, белгілі бір деңгейден өткен жоқпыз. Кинотеатрларды, СПА-орталықтарды және адам көп жиналатын орындарды ашу әлі ерте. Сондықтан, күте тұру керек, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі брифинг барысында ДСМ ресми өкілі коронавирусқа шалдыққан 509 науқастың жағдайы ауыр екенін, "жағдай жақсарды" екен деп сақтық ережелерін бұзуға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, вирус жұқтырған 598 қызметкерге 2 млн теңгеден өтемақы төленгенін айтты. Бұдан бөлек, коронавирусқа қарсы вакцинаның бәріне бірдей неге тегін болмайтынын түсіндіріп өтті.



Фото: дереккөз
Загрузка...