Масанчиде дүкені өртеніп кеткен дүнген жігіт пікір білдірді

9 Ақпан 2020, 11:32
31248
Бөлісу:
Масанчиде дүкені өртеніп кеткен дүнген жігіт пікір білдірді
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. 7  ақпандағы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал кезінде екі бірдей дүкені өртеніп кеткен Рамазан есімді дүнген жігіті пікір білдірді.

Ол осы оқиғадан кейін Қырғызстанға кетіп қалмақшы болған. Бірақ қайтып оралды.
Өзім осы Масанчиде туып өскенмін. Оқиға болған күннің ертеңінде Қырғызстанның шекарадағы Тоқмақ қаласына бармақшы болғанбыз. Бірақ қайтып алып келді. Қазіргі кезде отбасым мешітте тұрып жатыр. 35 жастамын. Жиеніме осы төбелесте оқ тиген. Бүгін қайтыс болды, – дейді Рамазан.
Оның айтуынша, Масанчи ауылында 2 дүкені бар екен.


Жұма күні (7 ақпан) кешкі сағат 19:30 кезінде дүкенім өртенді. Олар тас лақтырды. Сосын жауып тастағанмын. Сосын өздері ашып, ішіндегі тауарларды алып кетті. Енді мемлекет қолдау көрсетсе жақсы болар еді, – дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алған болатын. Сондай-ақ, жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі жариялаған болатын.  
Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі. Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сондықтан, біз кейбір азаматтарға, соның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз, - деген еді.



Өзгелердің жаңалығы