Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. Бұл туралы елордалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
20 қазан күні сағат 22.19 шамасында Полиция бөліміне 55 жастағы әйел мен 5 жасар балаға оқ атылғаны және олардың жараланғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
"Отбасылық ұрыс-керіс барысында ішімдікке мас болған 59 жастағы ер адам әйеліне оқ атып, ұлын жарақаттап алған. Әйел оқ тиген жарақат салдарынан қаза болды. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: