Мария Агапованың келесі қарсыласы белгілі болды

23 Маусым 2020, 23:47
1193
Бөлісу:
Мария Агапованың келесі қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Мария Агапова 13 маусымда UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жеткен соң америкалық Шэн Добсонды жекпе-жекке шақырған болатын, деп хабарлайды Fightnews.info сайты.

Промоушен Агапованың дебютіндегі жеңісінен кейін қалаған кездесуін бермек. Дереккөз мәліметінше, 22 тамызда спортшылар октагонда кездеседі. Турнирдің қайда өтетіні әзірге белгісіз. 

Еске салайық, UFC аясындағы алғашқы жекпе-жегінде Агапова америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы