Марадонаның қазасына дәрігері кінәлі болуы мүмкін

30 Қараша 2020, 09:49
2157
Бөлісу:
Марадонаның қазасына дәрігері кінәлі болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокуратура атақты футболист жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды. Аргентина прокуратурасы өткен аптада қаза болған футбол жұлдызы Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукенің Буэнос-Айрестегі үйі мен жеке клиникасына тінту жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлады zakon.kz.

Прокуратура атақты футболист жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды. Тергеу ісі Марадонаның қыздары Лукенің әрекеттеріне күмәнданғаннан кейін басталған.

Прокуратура соңғы күндері Марадонаға қандай медициналық жәрдем көрсетілген-көрсетілмегенін тексеріп жатыр. Өз кезегінде Луке Марадонаға барлық қажетті жәрдем берілгенін айтқан.

Аргентинаның футболдан құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлем чемпионы Диего Марадона өткен сәрсенбі күні 60 жасында қайтыс болды. Қараша айында оның миына операция жасалып, соңғы күндері үйінде ем қабылдап жүрген. Оның спорттағы шеберлігі жоғарып бағаланып, әлемдегі ең атақты футболист атағын алған.

Өзгелердің жаңалығы