Маңғыстауда құлдықта болған 8 адам босатылды

13 Маусым 2021, 14:23
2375
Бөлісу:
Маңғыстауда құлдықта болған 8 адам босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарты жылдан аз уақыт ішінде Маңғыстау облысында құлдықтан Өзбекстан мен Тәжікстанның сегіз азаматы босатылды.

Бұл республикалардың азаматтары құлдыққа жиі түседі деп хабарлады Lada.kz.

Әдетте құлдыққа түскен адамдар құрылыс жұмыстарына немесе жеке шаруашылықтардағы жұмыстарға жегіледі.

Қоғам белсенділері құлдыққа қатысты жағдай жаңа заң қабылданғаннан кейін өзгереді деп отыр.

Мен қол қойылған жарлықта белгіленген барлық бағыттағы жоспар азаматтық қоғам, құқық қорғаушылар, саясаттанушылар айтып жүрген талаптарға сәйкес келеді деп үміттенемін. Сөйтіп Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласында одан да жоғары сатыға көтеріледі, - деді «Мейірім» қоғамдық ұйымының директоры Александр Муха.

Айта кетейік, 2021 жылғы 9 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Аталған заң шетелдік азаматтарға өз құқықтарын қорғауға көмектесіп, тиісті көмек алуға сеп болады. Тоқаев ел Үкіметіне іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы