Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңге жымқырған

18 Тамыз 2021, 02:25
2265
Бөлісу:
Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңге жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам (212 мың доллар) ақша ұрлады, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

Бір жыл бұрын банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алған. Ол қаражаттың бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырыпты. Сот шешімімен ол  5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Агенттік өкілдері Қазақстан аумағында онлайн-казинолардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» Заң бойынша тыйым салынғанын еске салады.

Букмекерлік кеңселердің жекелеген қызметкерлері оңай пайда табу үшін заңның талаптарын елемейді және клиенттерді заңсыз онлайн-казино мен тотализаторларға тартады. Мысалы, Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің лауазымды тұлғалары сотталды. Сот оларды әртүрлі жазалау шараларына үкім шығарды,  – деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы