Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты

5 Қыркүйек 2021, 11:49
1667
Бөлісу:
Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті. Ол облыстық онкологиялық орталықта барды. 

Медициналық мекеме директоры Нұрлан Джариев терапевтік корпус, ота жасалатын бөлімшелер, радиологиялық бөлімше, жансақтау бөлімі, зертхана, сәулелік диагностиканың жұмысы туралы кеңінен айтып берді. Айта кету керек, мұнда бүгінде монтаждау жұмыстарының барлығы дерлік аяқталуға жақын. 

Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты

Диспансерде толық кешенді диагноз қоюға, хирургиялық емдеуге, дәрілік және сәулелік терапия, науқастарды отадан кейінгі оңалтуға қажетті барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Диспансер амбулаториялық, стационарлық және стационарлық формадағы онкологиялық науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрлерін көрсетеді. 

Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты

Жалпы, онкологиялық қызмет жеткілікті деңгейде жоғары дәрежеде ұйымдастырылған деуге негіз бар. Бір сөзбен айтқанда онкологиялық орталықта барлық қажетті ем-дом шаралары толық көлемде жүргізіледі. Аманбек Қабдешұлы дәрігерлерден бөлек науқастармен де әңгімелесті, емдеу мекемесі қажетті диагностикалық қондырғылармен толыққанды қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті. 

Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты

Науқастармен сөйлескен ол тездетіп сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Емдеу мекемесінде 100-ден астам ақ халатты абзал жандар жұмыс істейді.

Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров және онкологиялық диспансердің директоры Нұрлан Джариев медициналық мекемені қосымша құрал-жабдықтармен әлі де қамтамасыз ету мәселесін пысықтады. Қазіргі уақытта диспансерде мамандарды даярлау кезеңі жүріп жатыр. Барлық оқу процесі жуырда аяқталады деп күтілуде. Тағы бірнеше заманауи медициналық жабдықтар жолда келе жатыр, жеткізілген соң құжаттары рәсімделіп іске қосылмақ. 

Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық жаңа құрал-жабдықтармен толықты

Диспансерде кадр мәселесі де жолға қойылған. Білікті мамандар жұмысқа шақырылып, бұрын соңды жасалмаған күрделі оталар сәтті жасалып жүр. Айта кету керек, қазіргі уақытта облыста 4493 науқас онкология диагнозымен диспансерлік есепте тұр.

Өзгелердің жаңалығы