Маңғыстау облысында мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлінеді

25 Қыркүйек 2021, 12:15
1280
Бөлісу:
Маңғыстау облысында мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сессия барысында депутаттар қысқы мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлуді мақұлдады. Атап айтқанда, қосымша 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 26200 тонна жем мен 4000 тонна шөп сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыруға, тұтынуға берілген ауыз су құнын субсидиялауға, Ақтау қалаішілік маршрутының 6 бағыты бойынша автопарктың жаңартылуын субсидиялауға және т.б. бірқатар әлеуметтік маңыздағы мәселені қаржыландыруға келісім берді.

Жиынға қатысқан Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде іске асатынын айтты.



Өзгелердің жаңалығы