Мамин тұтынушылардың құқығына қатысты заңда не жазылатынын айтты
23 Қараша 2021, 10:38 97

Мамин тұтынушылардың құқығына қатысты заңда не жазылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттырумен тығыз байланысты.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейі адал және бәсекелес кәсіпкерлікті дамытудың индикаторы болып табылады.Өз құқықтарына сенімді тұтынушылар сапалы тауарларға, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге белсенді сұранысты қамтамасыз етеді, бұл экономиканы дамыту құрамдасының бірі, - деді ол.
Мамин айтқандай, пандемия кезеңінде электрондық сауда қызметтеріне сұраныс күрт өсті.
Сондықтан тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құқықтық нормаларды одан әрі жетілдіру қажет.Былтыр заңнамаға түзетулер енгізілді, Үкімет жанынан Ведомствоаралық кеңес құрылды, тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.Омбудсмен институты тиімді басқарудың заманауи моделінің ажырамас бөлігіне айналды, - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, көптеген елддің тәжірибесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу қажеттігін айғақтайды.
Оның міндеті тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету болмақ, бұл норма әзірленіп жатқан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа редакциядағы заң жобасында жазылатын болады, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...