Бас жаңалықтар
Мамин: Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз етеді
10 Наурыз 2020, 10:15 169

Мамин: Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 наурызда доллар бағасы қымбаттап, теңге құнсызданғаны белгілі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин әлемдік экономикалық жағдай күрделі екенін айтты.

Өздеріңізге мәлім, әлемдегі экономикалық жағдай күрделі болып тұр. Сыртқы экономикада коньюнктураның теріс серпіні байқалып отыр. Бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттары биылғы жылы әлемдік экономика өсімі болжамының төмендегенін хабарлады. ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу бойынша ортақ келісімге қол жеткізбеуі себебінен мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеуіне алып келді, - дейді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, оң жаңалықтарда да бар. Мысалы, ұлттық экономикадағы жағдай биылғы 2 айдың нәтижесі бойынша 3,3 пайыз деңгейінде сақталып отыр екен.
Экономиканың шикізаттық емес салаларында өсім байқалуда. Өңдеуші өнеркәсіп 9,4, оның ішінде көлік жасау 72,2, жеңіл өнеркәсіп 12,4, мұнай өңдеу 9,8 және металлургия 8,2 пайызға өсті. Тау-кен саласы 4,7, соның ішінде металл кендерін өндіру 8,8 және табиғи газ өндіру 4,1 пайызға артты. Сонымен қатар құрылыс 11,9 және байланыс 10,7 пайызға өсім көрсетті. Инфляция нысаналы 6-8 пайыз шегінде сақталып отыр. Негізгі капиталға инвестициялар 11,6 пайызға, ал жеке инвестициялар 12,1 пайызға ұлғайды, - дейді премьер-министр.
9 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шұғыл әрекет ету штабын құрған болатын.
Үкімет осы жағдай одан әрі қарай дамуының бірнеше нұсқасын әзірледі. Әр нұсқа қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілген. Бұл шаралардың мақсаты халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету болып саналады. Азаматтарымыздың ешқайсысын қиын жағдайда қалдырмаймыз, - деді Асқар Мамин.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...